Газан Хан, Махмуд (5 қараша 1271 – 11 мамыр 1304) (, , кейде батыс әдебиетінде Casanus яғни Касанус дейдіSchein, p. 806)– Хулагу мемлекетінің илханы.

Өмірбаяны Сол кездегі бүгінгі Иран аймағын 1295 жылдан 1304 жылға дейін билеген. Шыңғыс хан әулетінен. Ислам дінін мемлекеттік дінге айналдырды. Тебриз қаласының маңына обсерватория мен емханалар салдырып, ғалымдарға қолдау көрсетті. 1299 – 1303 ж. Үндістан мен Сирияға жорықтар жасады. Ғазан билігі кезіндегі негізгі әскери қақтығыстар мысырлық Мәмлүктермен Сирия үшін талас, және моңғолдардың Шағатай қағанатымен соғыстар болды. Сонымен бірге Ғазан хан өзінің алдындағылардың Франк-Моңғол одағын құру әрекетін жалғастыра отырып Еуропамен дипломатиялық қатынас орнатуға талпынды. Өте жоғары мәдениетті Ғазан көптеген тілдерде сөйлеген, көп хоббиі болды, Хулагу мемлекетінде көптеген реформалар жасады, әсіресе ақшаны бірыңғайлау мен фискалды саясат саласында.Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-ХҚазан хан Махмұд - Ирандағы Хулагу әулетінен шыққан моңғол ханы, 1295 жылдан билік жүргізді. Хорасан, Мазендеран және Рим мирасқоры болып тұрып, Байду ханға қарсы көтеріліске шықты да, тағын тартып алды. Буддизм тәрбиесінде өсті. Бірақ Иран ақсүйектері мен мұсылман дін иелерінің, сондай-ақ көшпелі моңғол ақсүйектері мұсылман топтарының көмегі қажет болып, ислам дінін қабылдады да, оны қайтадан Иранның мемл. дініне айналдырды. Уәзірі Рашид әд-Диннің көмегімен әкімш. және экономик.реформаларды жүзеге асырды. Қ.х.тұсында каналдар қазылып, обсерватория және Тербиз маңынан аурухана салынды. 1299-1303 ж. Сирия мамлюктеріне қарсы жорыққа шығып, жеңілді. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976ж., 8 том

Дереккөздер

Санат:Хулагу мемлекеті Санат:5 қарашада туғандар Санат:1271 жылы туғандар Санат:1304 жылы қайтыс болғандар Санат:Иранда туғандар Санат:Казвинде қайтыс болғандар Санат:Орта ғасырлар қолбасшылары Санат:Хулагу мемлекеті тұлғалары Санат:Билеушілер