Заря Ақылбаева (28.11. 1936. Шығыс Қазақстан облысы, Таврия ауданы, Жартас ауылы) - телевидение маманы. Орта білімді. Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. – 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5

1961-68 аралығында Өскемен телестудиясында машинистка, 1969-91 жылдарда Шығыс Қазақстан облыс телевидение және радиохабарларын тарату комитетінің кино-өндірісінде үлдірікті тазалаушы, монтаждаушы, кино жөніндегі техника бақылау бөлімінің шебері, аға шебері қызметтерін атқарды. 1991 жылы зейнеткерлікке шықты. Есімі студияның "Құрмет кітабына" жазылды. "Еңбек ардагері" медалінің иегері.

Дереккөздер

Санат: Санат: