Александр Александрович Гапеев (7.8.1881, Ресей, Кромы қ. – 26.7.1958, Мәскеу қ.) – геол.-минерал. ғылым доктыры (1934ж.), профессор (1920ж.), Ресейдің еңбек сің. ғылым қайраткері (1933ж.). Санкт-Петербург тау-кен институтын бітірген (1910). 1923 жылдан Орал тау-кен институтының директоры, 1926 ж. Мәскеу тау-кен академиясында, 1930–1948 ж. Мәскеу тау-кен институтында, 1948–1954 ж. Мәскеу геол. барлау институтында профессор болған. Лонецк, Кузнецк, Екібастұз көмір алабының геология құрылысын зерттеу және жаңа көмір қорларын табу жөнінен алғаш рет іргелі ғылыми-зертеу жұмыстарын жүргізген. 1936–1950 ж. оның жүргізген геология зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Қарағанды көмір алабында кокстелген көмірдің жаңа көздері ашылды. Көмір жіктелімінің және қатты кен байлықтарының қоры жөніндегі еңбектердің авторы. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған. КСРО Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1948ж.). Қазақ Энциклопедиясы Наградалар (1948 ж.) I дәреженiң Сталин сый ақысы кокстаушы көмiрлердiң жаңа бөлiмшелерiнiң Қарағанды көмiр хауызындағы ашу жабдықтаған геологиялық зерттеулерде. Қызыл туды Трудовое орденi. Ленин орденi. 1941—1945 ж. ұлы отан соғысындағы қажырлы еңбекке медаль. Қарағанды қаласында Гапеева көше бар болады. Александр Александрович Гапеев (Уральский государственный университет) Дереккөздер

Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:1881 жылы туғандар Санат:1958 жылы қайтыс болғандар