Дермене — Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Дермене ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Арыс қаласынан солтүстікке қарай 12 км жерде, Арыс өзенінің оң жайылмасында.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен20011188 1447 121,8 609 757 124,3 579 690 119,2

Тарихы Іргесі осы маңдағы өзен-көл аңғарларында шоғырланып өсетін дәрілік өсімдік – дәрменені игеруге байланысты 1928 жылы қаланған. Ауылда арнайы мамандандырылған «Дәрмене» шаруа қожалығы мен өндірістік кооперативі жұмыс істейді. Дәрмене аумағынан жиналатын дәрілік өсімдік Шымкент химия-фармацевтикалық зауытында өңделеді.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.

Дереккөздер

Санат:Арыс қалалық әкімдігі елді мекендері