ДойырЖолымбетов Ө.Ш., Құлназаров А.К., Спорт терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақша-орысша, ISBN 9965-822-48-4 — жуан өрімді қамшы. Өрімі жұмыр, кейде торт қырлы болып келеді. Өрімнің арасына қайыстан жұмырлай ширатылған өзек салып, сыртын таспамен тоқи өреді. Таспа кебе келе көнге айналып, өте қатты әрі берік болады. Әдетте, дойырдың сабын ырғай, тобылғы тәрізді қатты ағаштан жасап, мықты болуы үшін ұшы мен дүмін металмен құрсаулап қояды. Кейде өрімнің ұшына тас не металл тобыршық бекітеді. Өрім мен сап тілше қайыс арқылы бекітіледі. Қайыстың сапқа бекітілетін ұшының үстіне сәндік үшін жұқа жез салынады. Дойырдың сабы да күміс, жезбен әшекейленіп, қолға ұстайтын жағына бүлдірге өткізіледі. Дойыр қару ретінде қолданылған.Қазақ тілі терминдер сөздігі I том Дереккөздер</span>
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Дойыр · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.