Дрижд Николай Александрович (29 желтоқсан 1927 жылы туған, Ресей, Саратов қаласы) — ғалым, технология ғылымдарының докторы (1989), профессор (1989).
Днепропетровск тау-кен институтын бітірген (1953). 1953 — 57 жылдары “Қарағандыкөмір” өндірістік бірлестігінің шахтасында учаске бастығы, 1957 — 61 жылдары шахтаның бас инженер, 1961 — 64 жылдары шахтаның директоры болды. 1964 — 67 жылдары “Саранькөмір” тресінің бастығы, 1967 — 76 жылдары шахта директоры, 1976 — 89 жылдары “Қарағандыкөмір” өндірістік бірлестігінің бас директоры қызметтерін атқарды. 1989 жылдан Қарағанды политехникалық институтының (қазіргі Қарағанды мемлекеттік технология университеті) профессор. Негізгі ғылым еңбектері көмір қабаттарын ашық және жер асты әдістерімен өндірудің технологиясы мен механизмін жетілдіруге, олардың жаңа түрлерін енгізуге; нарықтық қарым-қатынас жағдайында көмір кен орындарын игерудің тиімділігін арттыру үшін табиғи және материалды-техникалық қорларды тиімді пайдалануға, Қарағанды көмір алабында көмір өндіру саласын қайта құру мен ұйымдастыруға арналған. Екі мәрте КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1972, 1988) лауреаты, екі рет Ленин, Еңбек Қызыл ту ордендерімен және көптеген медальдермен марапатталған.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том
Сыртқы сілтемелер http://biografia.kz/famous/3313
Дереккөздер</span>
Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:1927 жылы туғандар