Жосалы – Нұра алабындағы көл.

Географиялық орны Ақмола облысы Егіндікөл ауданының батысында, теңіз деңгейінен 338 м биіктікте жатқан, Теңіз көлінің солтүстігінде 21 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы Аумағы 7,1 км2, ұзындығы 4 км, енді жері 1,5 км, су жиналатын алабы 145 км2. Жағалау бойының ұзындығы 10,4 км. Көктемгі қар, жер асты суларымен толысады.

Жағалау сипаты Жағалауы жайпақ, көл түбінде тұнба шөккен. Суы тұщы, мал суаруға пайдаланылады. Жазда құстар ұя салады. Жағалауын қамыс, құрақ басқан.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Егіндікөл ауданы көлдері Санат:Нұра су алабы