thumb|right|Иммигранттардың проценттік қатынасы бойынша жасалған мемлекеттердің картасы(2005) Иммиграция (лат. іm-mіgrare – көшіп келу) — қоныстанушылық, келімсектік, бір мемлекет азаматтарының екінші бір мемлекетке тұрақты немесе уақытша (Қазақстан заңнамасы бойынша алты айдан көп мерзімге) тұру үшін көшіп келуі. Иммиграция субъектілері: шетелдіктер – басқа мемлекеттердің азаматтары, қос азаматтығы бар адамдар, азаматтығы жоқ адамдар, олардың отбасылары немесе қоныс аударуға тілек білдіруші ұжымдық қоғамдастықтар.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том

Тағы қараңыз Иммигрант

Сілтемелер

Санат:Қоғам