Итішпес, Итішпестің Алакөлі – Балқаш көлінің оңтүстік-батысындағы тұзды көл.

Географиялық орны Алматы және Жамбыл облыстарының шекарасында орналасқан. Ылғал мол жылдары (Балқаштың абсолюттік деңгейі 342,5 м-ден асқанда) және солтүстік-шығыстан ұзақ жел соққанда Балқаш көлімен жалғасады. Айтау тауынан (1052 м) бастау алатын уақытша арналардан түскен сумен толысады. Орташа жағдайда су басқан айдынының аумағы — 230 км² шамасында, өте таяз (0,5—1,0 м). Суы жылдан-жылға тартылып барады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Балқаш ауданы көлдері Санат:Мойынқұм ауданы көлдері