Картон«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том (фр: carton, ит: cartone, carta – қағаз) — қағаздың қалың әрі қатты, тығыз түрі (тығызд. 250 г/м2-ден артық). Ірі, қатты талшықтарды (ағаш массасы, жартылай целлюлоза, сульфатты целлюлоза, макулатура) ұнтақтау, құю, престеу, кептіру жолымен жасалады. Пайдаланылатын орнына және физика-механикалық қасиеттеріне қарай қаптамалық, полиграфия, аяқкиімдік, құрылыстық, электр оқшауламасын жасайтын, тоқыма өнеркәсібінде қолданылатын картондар болады. Жәшік және қорап жасалады. Полиграфиялық картон мұқаба, матрица, құжат, тағы басқа жасауға жұмсалады. Құрылыстық картон гипстен жасалған құрғақ сылақты тыстауға және үй қабырғаларына жапсыруға пайдаланылады. Бір не бірнеше қабатты болады. Көп қабатты картонның сырты қымбат әрі мықты талшықтан, ал ішкі жағы арзан талшықтардан құйылады.

Дереккөздер

Санат:Қағаз