Мұхаметсәлім Әбдірахманұлы Кәшімов (1884, Ақмола облысы, Біржан сал ауданы – 1935, Біржан сал ауданы) – ақын, журналист.

Жас кезінде әкесінен, кейін молдадан оқып, хат таныған. Әкесіне еріп Меккеге қажылыққа барып, “Бала қажы” атанған. Ол – бірнеше тәлім-тәрбиелік еңбектердің авторы. “Әдеп” (1907) “Сабақ” (1907) “Насихат қазақия” (1908) “Ақыл кітабы” (1908), т.б. еңбектерінде қазақ балаларына оқу-білім, тәлім-тәрбие, тазалық, мәдениет мәселелері төңірегінде ақыл-кеңес, өнегелі тағлымдар ұсынады.

Ол шәкірт тәрбиесін ұлттық салт-дәстүрге негіздей жүргізуді, мұны имандылық пен адамгершіліктің сан-алуан көріністерімен ұштастырып отыруды уағыздайды. Оқытудың тәрбиелік жағына үлкен мән беріп: , - дейді. Шәкірттерді аз сөйлеп, көп тыңдауға, жаман істен жиреніп, жақсы істен үйренуге шақырады. деп, адамның өзін-өзі тәрбиелеу ісіне ерекше мән береді.

Кәшімов ананың бала тәрбиесіндегі рөлін жоғары бағалап, қыздарды өз келісімінсіз жастай атастыруға қарсылық білдіріп, оларды мұсылманша оқытып, тәрбиелеуді жақтайды. “Сұлу қыз” (1909) өлеңдер жинағы “Мұңлы Мариям” (1914) романы жарық көрген.

1911 – 14 жылдары “Айқап” журналында қызмет істей жүріп, ел ішіндегі мектеп-медреселердің жай-күйі, олардағы оқу-тәрбие істерінің барысы жайында ой қозғаса, Жетісу, қырғыз, қытай қазақтарын аралаған кезінде (1915 – 16) этнографиялық очерктер жазған. Онда елдің тұрмыс-салты, әдет-ғұрпымен бірге оқу-ағарту мәселелерін де сөз етіп, тәлімдік ой-пікірлерін ортаға салады.Жарықбаев Қ., Қалиев С., Қазақ тәлім-тәрбиесі, Алматы, 1995Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы, 2-том, Алматы, 1998.

Дереккөздер

Санат:1884 жылы туғандар Санат:Біржан сал ауданында туғандар Санат:1935 жылы қайтыс болғандар Санат:Біржан сал ауданында қайтыс болғандар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Қазақстан журналистері