Марка () — таңба‚ белгі. Егер белгілі бір Марка нарықта берік орын алса‚ ол тауардың бет-бейнесіне айналады.Қазақ Энциклопедиясы, 6 том Түрлері: пошта Маркасы — пошта жөнелтімдерін салып жібергені үшін алым төлеу белгісі; өндірістік Марка, яки сауда Маркасы — дайындаушыны даралау мақсатымен бұйымға не оның бумасына басылатын таңба, онда дайындаушының толық атауы, орналасқан жері, тауардың сапасы, сұрыбы, стандарт, тех. шарттар, т.б. туралы мәлімет берілуі тиіс; фирмалық Марка — өндірушінің тауарларын басқа өндірушілердің тауарларынан ажыратуға мүмкіндік беретін таңба. Қазақстанда фирмалық Марканың бір бөлігі ретіндегі тауар белгісі заңда зияткерлік меншік нысандарының бірі ретінде қарастырылып, авторлық құқық, өнертабыс, жаңалық ашу істерін жүргізетін мемл. органдарда тіркелуге тиіс.Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдыктары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.

Дереккөздер

Санат:Экономика Санат:Полиграфия

ca:Marca en:Marca fr:Marca it:Marca (disambigua) ja:マーク (曖昧さ回避) mt:Marca nl:Marca pl:Marka ru:Марка sk:Marca uk:Марка