Иосиф Бенционович Коган (2.10. 1920, Молдова, Кишинёв қаласы - 30.12. 1982, Алматы) - концертмейстер, скрипкашы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1966).
Кишинёвтегі жеке меншік "Униря" консерваториясын (1939), Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) сырттай (1954) бітірген. 1940 - 42 жылдары Молдаван филармониясының симфониялық оркестрінің скрипкашысы және концертмейстері қызметін атқарды. 1942 жылдан Қазақ филармониясының солисі. 1954 - 82 жылдары Алматы консерваториясында оқытушы болды (1967 жылдан доцент).
Коган Қазақстанның скрипка ойнау мектебінің қалыптасуына, музыкатану саласына елеулі үлес қосты. Оның "Қазақстанның музыка өнері" (1975), "Қазақстан скрипка өнерінің дамуы" (1978), "Қазақ музыка тақырыбына арналған скрипкалық пьесалар жинағы" (1978), т.б. еңбектері бар. Ол скрипкашы ретінде жеке концерттер берді.
1958 жылы Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. Гастрольдік сапармен еліміздің көптеген қалаларында өнер көрсетті.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.”ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:2 қазанда туғандар Санат:Кишинёвте туғандар Санат:1920 жылы туғандар Санат:30 желтоқсанда қайтыс болғандар Санат:1982 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан концертмейстерлері Санат:Қазақстан скрипкашылары Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген əртістері Санат:Унря консерваториясы түлектері Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері Санат:Молдаван филармониясы тұлғалары Санат:Қазақ мемлекеттік филармониясы тұлғалары Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы оқытушылары Санат:Қазақстан музыкатанушылары