16 қазан — Григориан күнтізбесінде жылдың 289-шы күні (кібісе жылдарда 290-шы). Жылдың аяғына 76 күн қалады.
Мерекелер Халықаралық — Халықаралық азық-түлік күні Бастық күні Халықаралық анестезиолог күні
Ұлттық — Нан күні — Армян баспасөзінің күні — II Иоанн Павел күні
Оқиғалар 955 жыл — Ракса шайқасы болды. 1805 жыл — Ульм шайқасы басталды (19 қазанға дейін жалғасты). 1813 жыл — Лейпциг шайқасы басталды (19 қазанға дейін жалғасты). Бұл шайқас Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі ең ірі шайқас болып табылады. 1848 жыл — Марлборо зілзаласы. Жер сілкінісі 7.5 магнитудасымен болды. 1853 жыл — Ұлы Османлы Мемлекеті Ресей империясына соғыс жариялады. 1923 жыл — «The Walt Disney Company» кинокомпаниясы құрылды. 1929 жыл — Тәжік Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды. 1941 жыл — Мәскеу дүрбелеңі — Мәскеуде Сталиннің немістерге қаланы өткізу жайлы өсек тарау себепті болған дүрбелең. 1941 жыл — Кралево мен Крагуевацтағы жаппай ату жазасы. 1964 жыл — Қытай Халық Республикасы өзінің алғашқы ядролық қарудың сынағын өткізді. 1978 жыл — Псху түбіндегі Ан-2 ұшағының апаты. 1978 жыл — II Иоанн Павелдің Рим папасы болып жариялануы. 1994 жыл — Финляндияның Еуропа одағына кіру туралы өткізілген референдум. 1995 жыл — "Миллион еркек маршы" болды. 2000 жыл — "Миллион отбасы маршы" болды. 2009 жыл — Ботсванадағы Парламент сайлауы. 2013 жыл — Паксе түбіндегі ATR 72 ұшағының апаты.
Туғандар
Қайтыс болғандар
Сыртқы сілтемелер
Санат:16 қазан