Анджей Витолд Вайда (; 6 наурыз, 1926, Сувалки — 9 қазан, 2016, Варшава, Польша) — поляк режиссері, сценарист.Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т. – 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5ISBN 978-601-03-0070-5

Бейнелеу өнері академиясында (Краковта) оқыған. 1954 жылы Лодзьдың Мемлекеттік Жоғары кинематография және театр өнері мектебінің режиссерлік бөлімін бітірді.

Кинодағы қызметін 1951 жылдан бастады. «Канал» (Е. Ставиньсшидің әңгімесі бойынша, 1957) және «Күл мен алмас» (1958) фильмі оның есімін дүниежүзіне танытты. Тақырыбы Екінші дүниежүзілік соғыспен байланысты.

Қойған таңдаулы фильмдері аса үздік актерлік және режиссерлік өнер шеберлігімен ерекшеленеді.

Фильмдері «Самсон» (1961) «Күл» (1965) «Бәрі сатылуға шығарылды» (1969) «Қайыңды" (1970)

Дереккөздер

Санат:Құрметті Оскар сыйлығының иегерлері