Неготино немесе Неготин — Македония Республикасындағы қалаhttp://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9D%D0%B5%D0%B3%D0%BE%D1%82%D0%B8%D0%BD%D0%BE_(%D0%B3%D0%BE%D1%80%D0%BE%D0%B4). Ол Неготино қауымдастығының орталығы болып табылады.
Географиясы
Неготино Македонияның орталық бөлігінде Велес қаласының маңында Вардар өзені аңғарында орналасқан. Қалаға жақын маңда Скопье-Гевгелия магистралі өтеді. Сондай-ақ қала арқылы Луда-Мара өзені ағып өтеді.
Халқы
2002 жылғы санақ көрсеткіштері бойынша қала тұрғындарының саны - 13 284 адамға тең.
македондықтар: 12 994 албандар: 1 түріктер: 46 сығандар: 74 влахтар: 11 сербтер: 117 бошняктар: 1 өзге ұлттар: 40
Көрікті жерлері
Қалаға 1821 жылы салынған сағат мұнарасы (саат кула) көрік беріп тұр.
Мерекелері 8 қараша — 1944 жылы неміс әскерлерінің шегінген күні Шарап фестивалі — қасиетті Трифон Зарезанның құрметіне арналған мейрам — 14 ақпан Монастыр кеші және Неготин жәрмеңкесі — 20-23 қыркүйек
Дереккөздер
Санат: Македония Санат: Қалалар