thumb|right|200px|Давид Давидович Бурлюк 1910 жылы Давид Давидович Бурлюк (21.07.1882, Харьков губерниясы - 15.01.1967, Нью-Йорк штаты, Хэмптон-Бейз қаласы) – орыс ақыны, суретші.
Өмірі
Балалық шағында туған ағасымен ойнап жүріп көз жанарынан айырылғандықтан, әйнек көзбен жүрген. 1898-1910 жылдар аралығында Казан және Одесса көркемсурет училищесінде оқыған. Сурет өнерін Германияда, Мюнхендегі «Король Академиясында» жұмыс істейтін профессор Вилли Дитцтан, Франциядағы «L’ecole des beaux arts» мекемесінде үйренген.
Отбасы
Бурлюктың екі ағасы, үш әпкесі болған: Владимир, Николай, Людмила, Марианна және Надежда. Владимир мен Надежда – суретші, Николай – ақын болған.
Қызметі
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Бурлюктың сол көзі болмағандықтан армияға жарамсыз деп танылған. Мәскеуде тұрып, өлеңдерін жарыққа шығарып отырған, газеттермен серіктес болған, сурет салған. 1918-1920 жылдары В.Каменский, В.Маяковскиймен бірге Урал, Сібір, Қиыр Шығысқа гастрольдік сапарға шығып отырған. 1920 жылы Шығыс мәдениетін үйреніп, сурет өнерімен шұғылдану үшін Жапонияға кетіп, 2 жыл тұрады. 1922 жылы АҚШ-қа көшеді. 1930 жылы ол «Color and Rhyme» («Цвет и рифма») атты журналдың негізін қалайды. Журнал 2 тілде: ағылшын және орыс тілдерінде жарық көреді. Нью-Йорк штаты, Хэмптон-Бейз қаласында 1967 жылы 15 қаңтарда қайтыс болады.
Дереккөздер
Санат:21 шілдеде туғандар Санат:1882 жылы туғандар Санат:Харьков губерниясында туғандар Санат:15 қаңтарда қайтыс болғандар Санат:1967 жылы қайтыс болғандар Санат:Нью-Йорк штатында қайтыс болғандар Санат:Көк салт атты Санат:13 тобының суретшілері Санат:Одесса көркемсурет училищесі түлектері Санат:Антон Ажбе шәкірттері Санат:Уфа суретшілері Санат:Башқұртстан суретшілері Санат:Орыс авангарды суретшілері Санат:Орыс авангарды кураторлары Санат:Ресей примитивист-суретшілері Санат:Жер шарының төрағалары Санат:XX ғасырдағы Ресей ақындары Санат:Орыс ақын-футуристері Санат:Эмиграцияның бірінші толқынындағы орыс ақындары Санат:АҚШ орыс ақындары Санат:АҚШ-тағы бірінші толқын орыс эмигранттары Санат:XX ғасырдағы АҚШ суретшілері Санат:АҚШ жанршы-суретшілері Санат:АҚШ портретші-суретшілері Санат:АҚШ пейзашшы-суретшілері Санат:АҚШ натюрморт шеберлері Санат:Лонг-Айлендте қайтыс болғандар Санат:Давид Бурлюк