Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі — Қазақстан президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Президенттің қызметін ақпараттық-талдамалық, құқықтық, хаттамалық-ұйымдастырушылық, құжаттамалық жағынан қамтамасыз ететін мемлекеттік орган.
Президент Әкімшілігі Қазақстанның сыртқы саясаты, ішкі саясаттың әлеуметтік-экономикалық және өзге де бағыттары, қорғаныс қабілеті мен мемлекеттің қауіпсіздігі, құқықтық саясат, кадр саясаты, Құрылтай, Үкімет, Халық кеңесіне, Конституциялық сотқа, соттар мен судьяларға, Орталық сайлау комиссиясына, Адам құқықтары жөніндегі уәкілге, әкімдерге, мәслихаттарға қатысты және өңірлік саясат саласындағы Президенттің жұмысын ұйымдастырады, Вице-Президенттің қызметін қамтамасыз етеді.Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы
Тарихы 1990 жылы 24 сәуірде Президент лауазымының енгізілуіне байланысты оның қызметін қамтамасыз ету үшін Президент кеңсесі (сол жылдың тамызынан бастап Президент аппараты) құрылды. 1990 жылы 20 қарашада Министрлер Кеңесінің аппараты Президент аппаратына қосылып, 1991 жылғы тамыз айынан бастап Президент және Министрлер Кабинетiнiң аппараты деп атала бастады. 1994 жылы 13 сәуірде ол Президент аппараты және Министрлер кабинетiнiң Іс басқармасы болып екіге бөлінді. Жаңа Конституция қабылдануына байланысты Президент аппараты 1995 жылғы 20 қазаннан бастап Президент Әкімшілігі болып өзгертілді.К истории АП. Часть 1
Қызметі Негізгі міндеттері: Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің және Президент жанындағы кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету; мемлекеттік органдардың қызметіне жалпы бақылау, соның ішінде мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуын қадағалау; Қазақстан Республикасы Президентінің шешімдерін сөзсіз, мүлтіксіз және дер кезінде орындауды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының Президентін елдегі және шет елдегі жағдай туралы дер кезінде әрі толық хабардар ету.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі: мемлекет басшысының халық пен мемлекеттік биліктің бірлігін, конституциялық заңдылықтың мызғымай сақталуын, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысты қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі саясатын іске асыруға, елдің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралар кешенін әзірлеуге қатысады; Президенттің Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын даярлауға қатысады; мемлекет басшысы айқындайтын еліміздің сыртқы саяси стратегиясын әзірлейді; сыртқы экономикалық мәселелер бойынша ұсыныстарды тұжырымдайды Қазақстан Республикасының Президентінің сыртқы саяси құзыретін протоколдық қамтамасыз етуді жүзеге асырады; құқық қорғау және өзге мемлекеттік органдардың қылмысқа қарсы күресін, ұлттық қауіпсіздікті, құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіруді және бақылау жасауды жүзеге асыра отырып, Президентке мемлекеттің құқықтық саясатының негізгі бағыттары жөнінде ұсыныстар енгізеді; мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының Парламентіне қатысты өкілеттіктерін қамтамасыз ету мақсатында оны Парламенттегі заң шығарудың жай-күйі және онда қаралатын мәселелер туралы ұдайы хабардар етіп отырады.
Қазақстан Республикасы Президентіне: Парламент Мәжілісіне заң жобаларын енгізу туралы; Үкімет актілерінің күшін жою не толық немесе ішінара тоқтата тұру; Үкіметтің аса маңызды мәселелер жөніндегі отырыстарында мемлекет басшысының төрағалық етуі; мемлекеттің орталық атқарушы органдарын құру, тарату және қайта ұйымдастыру туралы ұсыныстар енгізеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Сотқа өтініштерін және оның шешімдеріне мемлекет басшысының қарсылықтарын дайындауды жүзеге асырады, мемлекет басшысының оған тікелей бағынатын әрі есеп беретін мемлекеттік органдарға және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кеңесші органдарға қатысты өкілеттіктерін қамтамасыз етеді.
Президент Әкімшілігі: елдің аймақтық саясатының стратегиясы, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың сындарлы түрде бірлесіп жұмыс істеуі, олардың елдің орталық органдарымен, көршілес мемлекеттердің шекара маңындағы аймақтарымен өзара іс-қимылдары жөнінде болжам жасауды және Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныстар тұжырымдауды жүзеге асырады; мемлекет басшысының әкімдермен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Президентінің актілері мен тапсырмаларын барлық мемлекеттік органдар мен мемлекеттің лауазымды тұлғаларының сөзсіз және мүлтіксіз орындауына, Үкіметтің, орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың актілерінің Конституцияға, ел заңдарына, Президент актілеріне сәйкестігіне бақылау жасауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүргізетін тексерулердің нәтижелері мен олар бойынша жасалынған қорытындылар ұдайы Қазақстан Республикасының Президентіне баяндалып отырады.
Мемлекет басшысының қызметін ақпараттық-талдау тұрғысында қамтамасыз етуді жүзеге асыра отырып: ішкі және сыртқы саяси ахуалға талдау жүргізеді; Қазақстан Республикасының Президентінің БАҚ-пен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді; мемлекет басшысының қарауына республикадағы мемлекеттік қызметтің заңдары мен жүйесін жетілдіру, кадрларды іріктеу және орналастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді, қызметке тағайындау және қызметтен босату кезінде материалдарды рәсімдейді.
Президенттің өзге өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында: Президенттің азаматтық, саяси баспана беру мәселелері жөніндегі шешімдерінің жобаларын әзірлейді; Президентке мемлекеттік наградалармен марапаттау әрі құрметті, жоғары әскери және өзге атақтарды, сыныптық шендерді, дипломатиялық дәрежелерді беру жөнінде ұсыныстар енгізеді; Президенттің азаматтарға кешірім жасауды жүзеге асыруын қамтамасыз етеді; Президент бекітетін мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысады.
Президент әкімшілігі Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы кеңесші органдарға тапсырмалар беруге хақылы, көзделген өкілеттіктерін іске асыру үшін мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге материалдарды сұратуға және алуға хақысы бар.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия // Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том
Құрылымы Президент Әкімшілігінің құрамына Президент Әкімшілігінің Басшысы және оның орынбасарлары, Президент Кеңсесінің бастығы, Президент көмекшілері және кеңесшілері, Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, өзге де қызметкерлер кіреді.Президент Әкімшілігінің құрылымы
+ 2026 жылғы басшылық құрамы Лауазымы Аты-жөні Президент Әкімшілігінің Басшысы Роман Скляр Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Әсел Жанасова Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ержан Жиенбаев Президент көмекшісі Қуанышбек Есекеев Президенттің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі Мұрат Нұртілеу Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Нұрлан Байбазаров Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Эльдар Толғанбаев Президент кеңесшісі Бауыржан Омаров Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Президент кеңесшісі Мағзұм Мырзағалиев Президент кеңесшісі — Президенттің Протокол қызметінің бастығы Марат Әшім Президент кеңесшісі Бақытжан Сапиев Президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ернар Лазар Президенттің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Алексей Цой Президент кеңесшісі — Президенттің Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Президент кеңесшісі — Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі Нұрболат Мағзұмов Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі Рақымжан Ерназар Жалпы бөлім меңгерушісі Ринат Мұхаметқали Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі Мейіржан Байғонысов Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі Евгений Кочетов Көлік-логистика саласын дамыту бөлімінің меңгерушісі Азамат Кескінбаев Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі Әлихан Жамсатов Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі Азамат Есқараев Мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі Руслан Тұрғаналы Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі — Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Бақыт Есімова Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Жандос Иманалиев Цифрландыруды дамыту бөлімінің меңгерушісі Қуат Сандалов Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Елнұр Бейсенбаев Президент Кеңсесінің бастығы Бақытжан Сариев Президенттің Құрылтайдағы өкілдігінің басшысы Мұрат Қайырбек Президент Әкімшілігі Басшысы хатшылығының меңгерушісі Данияр Құсайынов Вице-Президент Хатшылығының меңгерушісі Жанна Нұржанова Президент Архивінің директоры Әлия Мұстафина Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Қанат Құлшыманов Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов
Дереккөздер
Санат:Мемлекет басшыларының кеңсесі Санат:Қазақстан Президенті Әкімшілігі