Арыстан Сайлаубайұлы Қайнарбаев (1 шілде, 1939 жылы туған, Алматы қаласы) – сәулетші, ҚазКСР-інің еңбек сіңірген архитекторы (1978).

Өмірбаяны 1967 жылы Мәскеудің Жоғары Көркем өнеркәсіп училищесін (Л.М. Поляков пен А.И. Зайцевтен) бітірген. Сол жылдан Алматы мемлекеттік қала жобалау институтының бас архитекторы болды. Жобалары ҚР Мемлекеттік циркі (1972; В.З. Кацев, С.В. Коханович, т.б. бірлесіп) Қазақ академиялық драма театры (1980; О.Ж. Баймырзаев, М.Ф. Жақсылықовпен бірлесіп) М. Әуезов ескерткіші (1980; мүсінші Е.А. Сергебаев) жобасын жасады. Қайнарбаев салуға қатысқан ғимараттар көлемінің ықшамдылығымен, осы заманғы үлгілерді орынды пайдалануымен ерекшеленеді. Марапаттары КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1975) ҚазКСР-і мемлекеттік сыйлығы (1982) лауреаты.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:1 шілдеде туғандар Санат:1939 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Қазақстан сәулетшілері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшілері Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері