Қарағайлы - Алматы облысы, Қарасай ауданында болған ауыл, бұрынғы өзімен аттас ауылдық әкімшілік округ орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Қаскелең қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 км жерде, Іле Алатауының баурайында, Қарағайлы өзені жағалауындағы бетеге, боз, т.б. астық тұқымдас шөптесін өскен қара топырақты қоңыржай ылғалды агроклиматгық белдемде орналаскан.
Халқы Тұрғыны: 6,0 мың адам (2002); 9,6 мың адам (2009).
Тарихы Ауыл 1992 жылдан Қарағайлы деп аталады. 1965-97 жылдары бау-бақшамен айналысатын Чапаев кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан Қарағайлыда және округ аумағындағы Қарғалы, Рахат және Құрамыс ауылдарында бірнеше серіктестік пен 275 шаруа қожалығы құрылды. Ауылдарда 2 орта мектеп, 4 кітапхана, мәдениет үйі, 2 фельдшер-акушерлік пункт, 2 дәрігерлік амбулатория бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:Қарасай ауданының таратылған елді мекендері