Қарақия – Қызыларай тауларының оңтүстігіндегі шоқылы тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылының оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1007 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 4 км-ге созылған, енді жері 2 км-ге жуық.

Жер бедері Беткейлері тік жарқабақты, таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Баурайындағы бұлақтардан Жыланшықеспе өзенінің салалары бастау алады. Етегінде көп мөлшерде қорымтас жиналған.

Геологиялық құрылымы Тас көмір жүйесінің жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, селеу, аңғарларда бидайықты шалғын өседі. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады. Оңтүстігінде өзімен аттас қыстау орналасқан. Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары