MS Voyager of the Seas («Теңіз жиһанкезі») — Voyager класындағы алғашқы лайнер. Кеме американдық Royal Caribbean International компаниясы үшін финдық STX Finland верфінде 1999 ж. соғылған.

Кемеге 3 114 жолаушы сыйады. Финляндияның Турку қаласындағы STX Finland верфінде соғылған. Салмағы 137 276 т., ұзындығы 311,1 м. және ені 47,4 м. 15 палубадан тұрады.Seaward SEA GUARD Marine Fenders Protect World's Largest Cruise Ship at “The Cruise Ship Capital of the World” Каюталар саны — 1557. Кеме құрылысының бағасы — $650 млн.

Кеменің тарихы 1998 ж. 27 қарашада зауыт нөмірі 1344-ші кеменің килі төселеді. 1999 ж. 29 маусымда жүру сынағы өткізіліп, 29 қарашада Royal Caribbean International компаниясына тапсырылады. 21 қарашада 1999 ж. Майами айлағынан кеме өзінің алғашқы сапарын бастайды. Voyager of the Seas Солтүстік Еуропамен, Жерорта теңізімен, сонымен қатар Кариб теңізімен, Американың Атлант жағалауларымен саяхаттайды.

Кемедегі ойын-сауықтар Voyager of the Seas-ті жүзбелі қонақ үй деп те атайды. Себебі мұндай қызмет көрсету саласы сол уақыттағы кеме құрылысында бірінші рет қолданған болатын. Мысалы, кеменің құбырында жарға өрмелейтін қабырға орналыстырылған. Круизді кемелерде бұрын сонды болмаған мұз айдыны соғылды. Сонымен қатар «Royal Promenade» — үсті шыны күмбезбен көмкерілген сауда көшесі орналасты. Биіктігі төрт палубамен тең, ұзындығы кеменің 3/4 бөлігін алып жатқан променадта дүкендер, дәмханалар мен жәрмеңкелер орналасты.

Лайнерде жолаушылар үшін түнгі клуб, үшдеңгейлі театр, бассейндер, мини-гольф, волейбол және баскетбол алаңқайлары, екі палубалы кітапхана және тағы басқа ойын-сауықтар жұмыс істеді.

Кеменің суреттері

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Voyager of the Seas ресми сайты (ағылш.) (швед.) MarineTraffic-те кеменің сипаттамасы және суреті

Санат:Круизді кемелер