Қобда ауданы — Ақтөбе облысының солтүстік-батысындағы әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1929 жылы құрылған. Жер аумағы 14 мың км². Аудан орталығы – Қобда ауылы.
Географиялық орны Аудан оңтүстігінде Ойыл, Темір, шығысында Мәртөк, Алға, батысында Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау, Қаратөбе аудандарымен, солтүстігінде Ресей Федерациясымен шектеседі.
Жер бедері Қобда ауданының жерінің басым бөлігі үстіртті жазық, оңтүстік-батыс бөлігі төбелі-белесті, мұнда әктас, сазды тақтатастан құралған Ақшатау тауы (абсолюттік биіктігі 245 м), оңтүстігінде Әбді тауы (304 м) орналасқан. Ауданның ең биік жері - Құмсай ауылынан оңтүстік-батыста орналасқан тау (324 м). Шығысы мен оңтүстігі бұйратты. Жер қойнауынан құрылыс материалдары барланған.
Климаты Климаты тым континеттік, қаңтар айының жылдық орташа температурасы -14-16°С, шілдеде 22-24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250-300 мм.
Топырағы, өсімдіктері мен жануарлар дүниесі Жері негізінен карбонатты қызғылт қоңыр топырақты, оңтүстігінде қиыршықты бозғылт қоңыр топырақты. Үлкен Қобда өзенінің аңғарында шалғынды қоңыр топырақ қалыптасқан. Өсімдік жамылғысы қара жусан аралас бетеге, қызғылт қау, боз, т.б. әр түрлі ксерофитті шөптерден тұрады. Жануарлардан - қасқыр, түлкі, қоян, борсық, қарсақ, сарышұнақ, суыр; құстардан - дуадақ, тырна т.б. мекендейді.
Халқы 1939 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 25113 25804 35258 21052 36865 27636 19591 18282 Тұрғындар саны 18623 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (81,92%), орыстар (10,53%), басқалары (7,55%).
Әкімшілік бөлінісі Аудан аумағындағы 31 елді мекен 16 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген: Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021) Ақырап ауылдық округі Ақырап ауылы 1 607 Бегалы ауылдық округі Бесқұдық ауылы 1 1000 Бестау ауылдық округі Бестау ауылы 1 483 Бұлақ ауылдық округі Әлия ауылы 2 1163 Жарсай ауылдық округі Жарсай ауылы 3 589 Жарық ауылдық округі Жарық ауылы 4 469 Жиренқопа ауылдық округі Жиренқопа ауылы 1 577 Иманғали Білтабанов ауылдық округі Иманғали Білтабанов ауылы 3 768 Исламғали Құрманов ауылдық округіБегәлі ауылы 2 625 Қобда ауылдық округі Қобда ауылы 2 6093 Қызылжар ауылдық округі Қызылжар ауылы 2 490 Өтек ауылдық округі Өтек ауылы 2 419 Сарыбұлақ ауылдық округі Сарыбұлақ ауылы 1 502 Сөгәлі ауылдық округі Көк үй ауылы 3 369 Талдысай ауылдық округі Талдысай ауылы 1 903 Терісаққан ауылдық округі Терісаққан ауылы 2 949
Ірі елді мекендері Атауы Халқы (2021) Қобда (Новоалексеевка) 5943 Әлия (Алпайсай) 1011 Бесқұдық (Калиновка) 1000 Талдысай 903 Терісаққан (Успеновка) 636 Ақырап 607 Жиренқопа 577 И. Білтабанов (Хабаловка) 534 Сарыбұлақ 502
Ауыл шаруашылығы Ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 1,357 млн га, егістік 67,5 мың га, шабындық 18 мың га, жайылым 119,6 мың га (2009). Аудан жерімен Орал-Ақтөбе, Мәртөк-Ойыл автомобиль жолдары өтеді.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Қобда ауданы