Валерий Викторович Люкин (11.9.1966 ж.туған, Ақтөбе қаласы) — гимнаст, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1987).
1980 жылдан Е.Жаровтың жетекшілігімен жаттықты.
КСРО 9-спартакиадасының жеке жаттығулардан күміс және қола жүлдегері (Мәскеу, 1986). КСРО чемпионаттарының [төрт алтын, екі күміс (Челябинск, 1987), бір алтын, екі күміс (Дондағы Ростов, 1987), қола (Челябинск, 1988), екі алтын, екі күміс (Мәскеу, 1988)] жеңімпазы. КСРО кубогінің күміс (Мәскеу, 1988), бір алтын, бір күміс (Донецк, 1991) медальдарын жеңіп алған және командалық есепте чемпион атанған. Ізгі ниет ойындарында екі алтын (Мәскеу, 1986), бір алтын, бір күміс (Сиэтл, АҚШ, 1990) жүлдегері. Еуропа (Мәскеу, 1987) және әлем чемпионы (Роттердам, Голландия, 1987). 24-Олимпиялық ойындардың чемпионы және үш мәрте күміс жүлдегері (Сеул, Корея, 1988).
1992 жылдан бері АҚШ-та жаттықтырушы.
Спорттағы табыстары үшін “Құрмет” орденімен марапатталған (1989).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:11 қыркүйекте туғандар Санат:Ақтөбеде туғандар Санат:Қазақстан гимнастары Санат:КСРО гимнастары Санат:1966 жылы туғандар Санат:КСРО-ның Олимпиада чемпиондары Санат:КСРО-ның Олимпиада күміс жүлдегерлері Санат:КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шеберлері Санат:КСРО чемпиондары Санат:Ізгі ниет ойындарының чемпиондары Санат:АҚШ спорт жаттықтырушылары Санат:Құрмет орденінің иегерлері
Санат:Алфавит бойынша гимнасттар Санат:1988 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:Гимнастикадан Олимпиада чемпиондары Санат:Гимнастикадан әлем чемпиондары Санат:Гимнастикадан Еуропа чемпиондары Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары