Қаңтардың 23 — Григориан күнтізбесінде жылдың 23-ші күні. Жылдың аяғына 342 (кібісе жылдарда 343) күн қалады.

Мерекелер

Оқиғалар 1556 — Шэньси жерсілкінісінде шамамен 830 мың адам мерт болды. Бұл адамзат тарихындағы ең жантүршігерлік жерсілкініс болып табылады. 1895 — норвегиялық экспедиция мүшелері Антарктида жағасына түскен алағашқы адамдар болды. 1950 — Иерусалим Израиль астанасы болып жарияланды. 1960 — Жак Пикар мен Дон Уолш Триест батискафымен Мариана шұңғымасына рекордтық 10916 м тереңдікке түседі. Туғандар 1832 — Эдуар Мане (1883), француз суретшісі, импрессионизмнің негіздеушісінің бірі. 1862 — Давид Гильберт (1943), неміс математигі. 1897 — Маргарете Шютте-Лихотски (2000), Австрия архитекторы 1907 — Хидеки Юкава (1981), физикадан 1949 жылы Нобель сыйлығын алған бірінші жапондық. 1919 — Боб Пэйсли (1996), ағылшын футболшысы және Ливерпуль футбол клубының әйгілі бапкері.

Қайтыс болғандар 1837 — Джон Филд (1782), Ирландия композиторы. 1944 — Эдвард Мунк, Норвегия суретшісі (1863). 1957 — Рэй Каммингс (1887), американ жазушысы. 2002 — Пьер Бурдье, француз әлеуметтанушысы және философы. 2014 - Фариза Оңғарсынова, қазақ ақыны

Сыртқы сілтемелер

Санат:23 қаңтар