Молекулалық Спектрлер– еркін немесе өзара әлсіз байланысқан молекулаларға тән жарықтың шығару, жұту және комбинациялық шашырау оптикалық спектрлері. Спектрлік жолақтардан және сызықтардан тұрады. Электрондық, тербелмелі және айналмалы М. с. болып ажыратылады.