Түрікменстан () — мұхитқа шыға алмайтын Орталық Азиядағы мемлекет, халық саны шамамен 6 миллион адам. Орталық Азия аймағындағы халқы ең аз мемлекет болып келеді. Ең ірі қаласы және елордасы — Ашхабад. Солтүстік-батысында Қазақстанмен, солтүстік, шығыс және солтүстік-шығысында Өзбекстанмен, оңтүстік-шығысында Ауғанстанмен, оңтүстік және оңтүстік-батысында Иранмен және Каспий теңізімен шектеседі.
Түрікменстан үкіметі диктаторлық және авторитарлық делінеді, бірнеше дереккөздер бойынша және ЕҚЫҰ байқаулары бойынша елдегі сайлаулар демократиялық емес болып келеді.
Географиясы Жерінің 80 % артығын аптап шөл (Қарақұм шөлі), құм көшкіндері, тасты таулар мен ащылы алаптар басып жатыр.
Түрікменстанның ең үлкен өзені Әмудария. Оның ұзындығы 1415 км болса, соның 1000 км осы елдің аумағында. Осы өзеннен бастау алып, Түрікменстанның Ашхабад, Мары, Балқанабат (Небітдақ), Түрікменбашы (Красноводск) сияқты ең үлкен қалаларына ауыз суын жеткізіп жатқан Қарақұм каналы.
Сонымен бірге, канал 1 млн ha жерді суландырады. Оның ұзындығы 1100 км.
Ахуалы Елдің қыс айларындағы орташа температурасы 26—32 °C, ал жаздағы ыстық 70 °C асады.
Әкімшілік бөлінісі
Түрікменстан 5 әкімшілік-экономикалық аумаққа бөлінген. Олар уәлаят (облыс) деп аталады. Ахал, Балқан, Дашоғыз, Лебап, Мары уәлаяттарын және Ашхабад қаласын президент тағайындаған хәкімдер басқарады. Уәлаяттардың құрамына 46 атырап және 528 кеңесшілік енеді.
Халқы
Халық саны thumb|300px|Түрікменстан халқының Жас-жыныстық пирамидасы, 2020 1959 жылғы халық санағы бойынша елдің нақты халқының саны 1,516 миллион тұрғынды құрады; 1979 жылғы халық санағы бойынша – 2,759 млн; 1989 жылғы халық санағы бойынша – 3,534 млн; 1995 жылғы халық санағы бойынша – 4,481 млн. 2006–2017 жылдары халық саны бойынша еш ресми дерек жарияланбаған.
БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік мәселелер бойынша департаменті Түрікменстан халқының 2008 жылы 4,936 миллион, 2012 жылы 5,268 миллион, 2017 жылы 5,758 миллион деп бағалады.
2021 жылғы санақ бойынша елдегі туу коэффициенті бір анаға 2,04 балаға тең болды.
Ұлттық құрамы 2015 жылдың ақпан айында оппозициялық басылымдарда 2012 жылғы халық санағының нәтижелерін бейресми дереккөздерден білдік деген жарияланымдар пайда болды. Бұл басылымдарға қарағанда, ел халқының саны 4 751 120 адам болар еді; ұлттық құрамы бойынша 85,6% түрікмендер, 5,8% өзбектер, 5,1% орыстар. Қалғандарының барлығы басқа ұлт өкілдері ретінде көрсетілген. Елде 58 ұлттың өкілдері тұрады.
Діни құрамы Түрікменстан халқының басым көпшілігі мұсылмандар (негізінен сунниттер) — 89-90%. Христиандар халықтың шамамен 9%, басқа конфессиялар 2% құрайды. Рұқсат етілген барлық діни конфессиялар мемлекеттік органдардың қатаң бақылауында: 1994 жылы оларды бақылау үшін мүфти, мүфтидің орынбасары, православиелік декан және бір шенеунік кіретін Дін істері жөніндегі «Генгеш» («Кеңес») құрылды. Дін істері жөніндегі генгеш мүшелері мемлекеттің зайырлылығына қарамастан, дін істері жөніндегі велаят кеңестерінің мүшелері (оларды жергілікті бас имамдар басқарады) сияқты бюджет есебінен жалақы ала бастады.Лаумулин М. Религиозная ситуация и угроза религиозного экстремизма в Центральной Азии // Центральная Азия и Кавказ. — 2012. — Т. 15. — № 1. — С. 72
Мемлекет діни білім беруді қатаң шектейді. 2016 жылы қабылданған заң дінді жеке оқытуға толығымен тыйым салды, ал балаларға діни ілімді үйрету тек жеке Комиссия келісімімен ғана рұқсат етіледі.
«Open Doors» халықаралық христиандық қайырымдылық ұйымының 2015 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша Түрікменстан христиандардың құқықтары жиі қысымға ұшырайтын елдердің тізімінде 20-шы орында тұр.
Тарихы Ресей жаулауына дейінгі түрікмендер (VIII–XIX-ғасырлар) Тарихи тұрғыда үнді-ирандықтар мекендеген Түрікменстанның жазба тарихы оның Ежелгі Иранның Ахемен әулетіне қосылуынан басталды. Кейінірек біздің заманымыздың VIII ғасырында түркі тілдес оғыз тайпалары қазіргі Моңғолиядан қазіргі Орта Азияға қоныс аударды. Күшті тайпалар конфедерациясының бір бөлігі болып табылатын бұл оғыздар қазіргі түрікмен халқының этникалық негізін құрады. X ғасырда «түрікмен» атауы алғаш рет Исламды қабылдап, қазіргі Түрікменстанды басып ала бастаған оғыз топтарына қатысты қолданылды. Онда олар қазіргі Иран мен Түркіменстанда тұратын оғыз топтарынан құралған Селжүк әулетінің билігінде болды. Империяға қызмет еткен оғыз топтары қазіргі Әзірбайжан мен шығыс Түркияның қоныс аударған кезде түркі мәдениетінің таралуында маңызды рөл атқарды.
XII ғасырда түрікмен және басқа тайпалар Селжүк әулетін құлатты. Келесі ғасырда моңғолдар түрікмендер қоныстанған жерінің солтүстігін басып алып, түрікмендерді оңтүстікке шашыратып, жаңа тайпалық топтардың қалыптасуына үлес қосты. XVI-XVIII ғасырларда көшпелі түрікмен тайпалары арасында бірнеше бөлінулер мен конфедерациялар болды, сонда да олар берік тәуелсіз болып қала берді. XVI ғасырға қарай бұл тайпалардың көпшілігі екі отырықшы Өзбек хандықтарының – Хиуа мен Бұхараның атаулы бақылауында болды. Түрікмен жауынгерлері осы кезеңдегі өзбек әскерлерінің маңызды элементі болды. XIX ғасырда түрікменнің Йомуд руы жорықтары мен көтерілістерінің нәтижесінде өзбек билеушілері бұл топты таратып жіберді.
XIX ғасырдың екінші жартысында солтүстік түрікмендер Хиуа хандығында негізгі әскери және саяси билік болды. Пол Р. Спикардтың айтуынша, «Ресей жаулауына дейін түрікмендер Орта Азиядағы құл саудасына қатысымен белгілі болатын және олар сол жердің үрейлі ұлттарының бірі болған».
Ресей империясы (1879–1917) thumb|right|Шаржау қаласы, 1890, Түркістан генерал-губернаторлығы Орыс әскерлері түрікмен жерін XIX-ғасырдың аяғында басып ала бастады. Красноводскідегі (қазіргі Түрікменбашы) Каспий теңізі арқылы өтіп, Өзбек хандықтарына қарсы жеңді.
1879 жылы Түрікменстанның Ахал аймағын жаулап алудың бірінші әрекетінде орыс әскерлері Теке түрікмендеріне қарсы жеңілді. Алайда 1881 жылы түрікмен жеріндегі соңғы елеулі қарсылық Көктепе ұрысында талқандалып, көп ұзамай Түрікменстан көршілес өзбек жерімен бірге Ресей империясының құрамына қосылды. 1916 жылы Ресей империясының Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысуы Түрікменстанда резонанс тудырды, өйткені әскерге шақыруға қарсы көтеріліс Ресей Орталық Азиясының көп бөлігін қамтыды.
Кеңестік Түрікменстан (1917–1991) 1917 жылғы Ресей революциясының тікелей әсері аз болғанымен, 1920 жылдары түрікмен әскерлері қазақ, қырғыз және өзбектермен бірігіп, жаңадан құрылған Кеңес Одағының билігіне қарсы «Басмашылар қозғалысы» деп аталатын көтеріліске шықты. 1921 жылы империялық Күнгей Каспий облысы Түрікмен облысы деп атауы өзгертілді және ол 1924 жылы Түрікмен Кеңестік Социалистік Республикасына айналды.
1930 жылдардың аяғында кеңестік ауыл шаруашылығын қайта құру Түрікменстандағы көшпелі өмір салтын мүлдем жойып жіберді, және Мәскеу бүкіл саяси өмірді басқарды. 1948 жылғы Ашхабад жер сілкінісі 110,000-нан астам адамның өмірін қиды, бұл қала халқының үштен екісін құрады.
thumb|right|Farab темір жолы станциясы, Күнгей Каспий облысы, Прокудин-Горский суреті
Келесі жарты ғасырда Түрікменстан Кеңес Одағының құрамында өзінің белгіленген экономикалық рөлін атқарды және әлемдік маңызды оқиғалардың барысынан тыс қалды. Тіпті 1980 жылдардың аяғында Ресейді дүр сілкіндірген ірі либерализация қозғалысының да әсері аз болды. Түрікменстанның тәуелсіздікке дайындығы нашар болғанымен және сол кездегі коммунистік көшбасшы Сапармұрат Ниязов Кеңес Одағын сақтап қалуды жөн көргеніне қарамастан, 1991 жылдың қазан айында елде нәтижесінде тәуелсіздік алу шешілген ұлттық референдум өткізу керек болды. 1991 жылы 26 желтоқсанда Кеңес Одағы ыдырады.
КСРО ыдырар алдында және тәуелсіздік болмай тұрған 1990 жылы Михаил Горбачёвтың «қайта құру» және «жариялылық» реформалары нәтижесінде КСРО цензурасы толықтай жойылды және елдегі оппозицияшылар сол жылды «біз бір жыл ғана цензурасыз өмір сүрдік» деп еске алады.
Ниязов президенттігі (1991–2006) thumb|right|Ниязов президенттігі жылдарында оған 14,000 астам ескерткіш салынды. Ескерткіштер қатарында тағы Ниязовтың кітабы «Рухнамаға» да ескерткіш арналған еді Ниязов Түрікменстанның мемлекет басшысы қызметін жалғастырып, коммунизмді жеке басына табынушылықпен нығайтылған бірегей тәуелсіз ұлтшылдық брендімен алмастырды. 1994 жылғы референдум және 1999 жылғы заңнама президенттің қайта сайлауға түсуіне қойылатын қосымша талаптарды жойды (1992 жылғы президенттік сайлауда ол оның жалғыз үміткері болған), бұл реформа оны өмірбақи президент етті.
Ниязовтың билігі диктаторлық, тоталитаристік және авторитаристік болып сипатталған. Президенттігі жылдарында зейнетақы, Интернет, опера, балет, цирк, алтын тіс және макияжға тыйым салынды, Ниязовтың өзі «Түркменбашы» («Түрікмен басы») титулын алды, кейін Мәжілістің (парламент) қаулысымен ресми түрде Сапармұрат Ниязовқа «Ұлы Түрікменбашы» лауазымы берілген. Сондай-ақ бейресми «Сердар» атағы (басшы, бас қолбасшы) және көптеген әсем эпитеттер көп қолданылды.
Түрікменстандағы оппозицияшылар репрессияға ұшырайды, елде сөз бостандығы жоқ, ол әлемдегі ең «жабық» елдер қатарында бар.
2002 жылы Ниязовқа қастандық жасау әрекеті қауіпсіздікті шектеудің, мемлекеттік қызметкерлерді жұмыстан шығарудың және БАҚ-қа шектеулердің жаңа толқынына әкелді. Ниязов қуғындағы бұрынғы сыртқы істер министрі Борис Шыхмұратовты шабуылды жоспарлаған деп айыптады. Шахмұрадов өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
2002 және 2004 жылдар аралығында Түрікменстан мен Өзбекстан арасында екіжақты даулар туындады. Оның басты себебі Ниязовтың 2002 жылғы қастандыққа Өзбекстанның қатысы бар деген тұжырымы болған еді. 2004 жылы екіжақты келісімдер достық қарым-қатынастарды қалпына келтірді. 2004 жылғы парламенттік сайлауға тек Ниязовтың партиясы ғана қатысты, және халықаралық бақылаушылардың ешқайсысы қатысқан жоқ. 2005 жылы Ниязов Ашхабадтың сыртындағы барлық ауруханалар мен барлық ауылдық кітапханаларды жапты. Қытай Түрікменстанға елеулі ілгерілеушілік жасаған жалғыз елдерінің бірі болды.
Бердімұхамедовтер президенттігі (2006 бері) 2006 жылы Ниязов кенеттен қайтыс болды. Үкіметтің уақытша басшысы болып тағайындалған премьердің орынбасары Құрбанқұлы Бердімұхамедов 2007 жылдың ақпан айының басында өткен демократиялық емес кезектен тыс президенттік сайлауда жеңіске жетті. Оның уақытша президент болып тағайындалуы және одан кейін президенттік сайлауға түсуі конституцияға қарсы болған.
Түрікменстан әнұранынан Түрікменбашының есімі және Ашхабадтағы ескерткіші алып тасталынған болатын, бірақ түрікмен үкіметі диктаторлығын және авторитарлығын тоқтатпады.
Бердімұхамедов екі қосымша демократиялық емес сайлауда жеңіске жетті, 2012 және 2017 жылдары шамамен 97% дауыс жинады. Құрбанқұлыға да жеке «Аркадаг» («Қорғаушы») титулы берілді, оның отбасы мүшелеріне арналып ескерткіштер салынды, жер-су атаулары өзгертілді, марапаттар жасалды.
2022 жылы Бердімұхамедов кенеттен отставкаға кетті. Алайда ол Парламент жоғарғы палатасы Халық Мәслихатының төрағасы және «Арқадағ» лауазымынан айырылған жоқ. Оның орнына оның ұлы Сердар Бердімұхамедов уақытша президент болды. Демократиялық емес 2022 жылғы сайлауда ұлы ресми деректер бойынша жеңіп, президенттігін бастады. Кейбір болжамдар бойынша елдегі биліктің барлығы әлі де Құрбанқұлы Бердімұхамедовтың қолында.
Сердар Бердімұхамедов президенттігінің басталған салысымен елде «әйелдерге қатаң шектеулер» салынды, бірнеше косметикалық қызметтерді пайдалану, туыстығы жоқ ер адамдармен көлікте болу немесе пластикалық операция жасауға тыйым салынды.
Саясаты
120px 120pxСердар БердімұхамедовПрезидентРашид МередовВице-президент Саяси құрылымы Конституция бойынша Түркіменстан зайырлы мемлекет болып табылады. Басқару формасы — президенттік республика. Мемлекет басшысы — президент.