Өсімдік туралы Калатея– маранттар тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік. Отаны – ылғалды тропикалық Оңтүстік Америка аймақтары. Бойы 70-80 см. Жапырақтары ірі, сопақша келген, ұзындығы 30-40см. Сабағының ұзындығы түрлеріне қарай 20см-ден 60см-ге дейін болады. Жапырағы бірден топырақтан өсіп шығып тұрған сабақ басында орналасады. Калатеяның әдемі жапырақтысының саны, гүлдейтін калатеяларға қарағанда өте көп. Гүлдейтін калатеялардың ішінде шафранды калатеяның гүлі керемет ашық қызғылт сары түсті, бірақ жапырақтары әдемі жапырақты калатеяларға қарағанда әрсіздеу болады. Әдемі жапырақты калатеялардың жапырақтары аты айтып тұрғандай өте әдемі, тауыстың қауырсыны немесе ертегідегі құстың түсі секілді түрлі-түсті болып келеді. Жапырақтары жылтыр, түкті және қағаз сияқтыларыда бар.
Жарығы Алакөлеңкеде, жарықта өседі. Жарық жетісіспесе жапырақтарының әдемі түстері түссізденіп кетеді. Бірақ тіке түскен күн сәулесінен сақтау қажет.
Жылуы Жылуды жақсы көреді. Қыста 18-20 °C төмен түспегені абзал.
Суғарылуы Көктем-жаз айларында жиірек, қыста топырағын құрғатыңқырап барып суғарып тұру қажет.
Ылғалдылығы Жоғары ылғалдылықты қажет етеді.
Қоректендірілуі Көктем, жаз айларында әдемі жапырақты өсімдіктерге арналған тыңайтқышпен 14-15 күнде бір рет қоректендіреді. Шафранды калатеяны ғана гүлдейтін өсімдіктерге арналған тыңайтқышпен қоректендіреді.
Аурулары Азынақ жел өтінен сақтау қажет. Дұрыс баптамаған кезде жапырақтары сарғайып, ширатылып, оратылып, дақтар пайда болып өзгеріске ұшырауы мүмкін. Оның себебі, артық не жеткіліксіз суғарылуы, күннің тік түскен сәулесі күйдіріп жіберуі, ауадағы ылғалдылықтың жетіспеуінен т.с.с.
Көбейтілуі Ең оңай жолы түбін бөлу арқылы көбейту.
Сілтемелер Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт
Дереккөздер Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жемістер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б;ISBN 978-601-7237-31-8