Жайтөбе – Тарбағатай жотасының оңтүстік баурайында орналасқан төбе.
Географиялық орны Абай облысы Үржар ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 791 м. Солтүстік -батыстан оңтүстік -шығысқа қарай 5 км-ге созылып жатыр, енді жері 3 км. Оңтүстік және солтүстік беткейлері тік жарқабақты, ал шығыс және батыс беткейлері көлбеу келген. Оңтүстігінен Қатынсу өзенінің салалары бастау алады.
Геологиялық құрылымы Ортаңғы және жоғарғы төрттік кезеңнің шөгінділерінен түзілген.
Өсімдігі Сұр қоңыр топырақ жамылғысында еркек шөп, жусан, астық тұқымдас өсімдіктер өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Үржар ауданы таулары Санат:Төбелер