Жарағаш – Ертіс алабындағы тұзды, тұйық көл.
Географиялық орны Павлодар облысы Железин ауданындағы Майлы ауылының шығысында 11 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы Ауданы 11,4 км2, ұзындығы 4 км, ені 3,5 км. Дөңгелек келген көлдің жағалауы жайпақ, сортаң. Онда қамыс, құрақ өскен. Суы тұзды, ішуге жарамсыз.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Железин ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы көлдері Санат:Тұйық көлдер Санат:Тұзды көлдер