Желбіршөп () – алабұталар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда далалық, шөлді аймақтардағы сортаңды жерлерде өсетін 1 түрі – Біраталық желбіршөп () бар. Биіктігі 5 – 40 см, сабағы тік, жоғарғы жағы бұтақты, сыртын түк жапқан. Төменгі жапырақтары етті, жоғарғы және гүлжапырақтары қысқа, сүйір, сабаққа кезектесіп орналасады. Гүлдері қос жынысты, олар шашыраңқы, масақ тәрізді гүлшоғырына топталған. Шілде – қыркүйек айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі домалақ, ұзынша. Тұқымы ұсақ."Қазақ Энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:Қызылқұйрық тұқымдасы