Жолдыөзек – Ертіс алабындағы тұйық көл.
Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысының, Аққайың ауданының жерінде, Амангелді ауылының солтүстігінде 8 км-жерде, Талдыарал көлінің оңтүстік-батысында орналасқан.
Гидрографикасы Ауданы 12,0 км2. Ұзындығы 6,2 км, ені 3,0 км шамасында. Қарашаның басында қатып, сәуірдің аяғында мұзы ериді.
Жағалау сипаты Жағасы жайпақталған. Суы тұщы. Көктемгі қар суымен жайылмасы шабындыққа айналады. Шаруашылық маңызы бар.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Аққайың ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы көлдері