Жолшора – Сыпсыңағаш қолатында орналасқан тұйық көл.
Географиялық орны Қостанай облысы Қамысты ауданы Жолшора ауылынан оңтүстікке қарай 1 км жерде. Теңіз деңгейінен 227 м биіктікте жатыр. Солтүстік-шығысында Орқаш көлі, оңтүстігінде Қайыңдысор көлі орналасқан.
Гидрографикасы Аумағы 5,3 км2, ұзындығы 2,9 км, енді жері 2,5 км, жағалау бойының ұзындығы 9 км. Жағалауы тегіс. Суы қарашада қатып, сәуірде ериді. Суы тұщы. Жағасында бірнеше жайлау бар. Мал шаруашылығына пайдаланылады.
Санат:Қамысты ауданы көлдері