Қабантақыр – Павлодар облысы Шарбақты ауданы Орловка ауылының солтүстігіндегі тұзды көл. Теңіз деңгейінен 125,1 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Аумағы 3,3 км2, ұзындығы 2,5 км, енді жері 1,5 км, жағалау бойының ұзындығы 6,8 м. Көлдің су сыйымдылығы 0,8 млн. м3, тереңдігі 0,4 м, су жиналатын алабы 218 км2.
Жағалау сипаты Сопақ пішінді Қабантақыр көл қазаншұңқырында жатыр. Жағалаулары жайпақ, сортаң басқан. Кейбір жерлерінде қамыс шоғырлары кездеседі. Саздақ және құмдақтардан тұратын су жиналатын алабы сәл белесті жазық. Тұзды суы шаруашылыққа жарамсыз.
Санат:Ертіс су алабы Санат:Шарбақты ауданы көлдері