Алаешкі – Өгіз-Өреулінің шығысындағы Өзен-Самара мұнай құбырына жақын жатқан жайпауытты төрткіл.

Орналасқан жері Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында орналасқан.

Сипаттамасы Абсолюттік биіктігі 214 м. Жер қыртысы негізінен бор аралас тау жыныстарынан түзілген. Табиғи су көздері жоқ. Қаратаудан келіп, Қызыладыр, Бөрібас арқылы Үстіртке шығатын керуен жолдары жанынан өтеді.Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедия, V- том

Дереккөздер

Санат:Бейнеу ауданы таулары