Алакөл — Ақмола облысы Астрахан ауданындағы тұзды көл. Көл теңіз денгейінен 311 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Аумағы 40,0 км2, ұзындығы 12 км. Енді жері 4,5 км, ең терең жері 3 м-ге жетеді. Жағалау бойының ұзындығы 35,8 км. Су жиналатын алабы 1240 км2. Суының көлемі 12,3 млн. м3. Қазаншұңқырда орналаскан көл жағалауының биіктігі 4-5 м-ге жетеді. Жағалауында қамыс құрағы өседі. Қар және жер асты суларымен толысады, кей жылдары кеуіп қалады.
Санат:Астрахан ауданы көлдері