Аралкөл – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Железное ауылының солтүстігінде 6 км жердегі көл. Ресейдің Қорған облысымен шекаралас.
Гидрографикасы Аумағы 5,2 км2. Көл теңіз деңгейінен 139,3 м биіктікте жатыр. Дөңгелек пішінді көлдің ұзындығы 2,6 км, ені 2,5 км, жағалау бойының ұзындығы 9,0 км.
Жағалау сипаты Жазық жерде орналасқан көлдің жағалауын ну қамыс басқан. Батысында қарағай, қайың, терек өскен орман жатыр. Суы мал ішуге жарамсыз. Айналасы шабындыққа пайдаланылады.
Санат:Жамбыл ауданы (Солтүстік Қазақстан облысы) көлдері