Беренгүл , линдерния () – Linderniaceae немесе сабынкөктер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда шөлді, далалы және таулы аймақтардағы батпақты жерлерде, егістіктерде өсетін 1 түрі – шұңқыр беренгүл (L. pyxіdarіa) бар. Биіктігі 2 – 18 (25) см. Сабағы төрт қырлы, түбінен бастап бұтақталған. Жапырақтары жұмыртқа тәрізді. Тостағанша жапырақтары бес бөлікті, күлтесі түтік тәрізді, көкшіл түсті. Аталығы төртеу. Гүлдері жапырақ қолтығынан жеке жетіледі. Мамыр – тамыз айларында гүлдеп, тамызда жемістенеді. Жемісі – қорапша. Тұқымы көп. Қазақ Энциклопедиясы Дереккөздер

Санат:Сабынкөктер