Бөктер, тау бөктері — таулы өлкенің, тау жүйесінің немесе жеке жотаның жазыққа ұласатын етегі не аласа таулы баурайы. Оның беткейлері сай-жыралармен және шатқалдармен тілімделеді. Бөктер негізгі тау жүйесімен біртекті ландшафт құрайды.

Қазақ Энциклопедиясы Дереккөздер

Санат:Қазақстан табиғаты Санат:Геология