Бұғылы – Сарыарқаның солтүстік-шығысында, Шаған өзенінің бастауындағы ұсақ шоқылы тау.

Географиялық орны Абай облысы Абай ауданында орналасқан. Ендік бағытта созылып жатқан тау сілемінің ұзындығы 30 – 35 км, ені 15 – 18 км. Ең биік жері – Бұғылы тауы (1061 м).

Геологиялық құрылымы Ордовиктің жанартаутекті және силур кезеңдерінің гранитті, гранодиоритті тау жыныстарынан түзілген. Оларды неоген және төрттік кезеңдерінің элювийлі-делювийлі шөгінділері жапқан. Жер бедері биіктігі 50 м-ге жететін ұсақ шоқылы жондардан, денудацияланған жазықтардан тұрады.

Өсімдігі Аласа таулы жердің қиыршықты қоңыр топырағында бұта аралас жусан, боз, селеу және селеулі-сұлыбасты өсімдіктер өседі.Қазақ экциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Абай ауданы (Абай облысы) таулары