Дауластышоқы – Күрті бөгенінің батысын алып жатқан аласа тау.
Географиялық орны Алматы облысы Іле ауданы жерінде.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 838 м, ұзындығы мен ені 3-5 км. Беткейлері көлбеу, нашар тілімденген.
Геологиялық құрылымы Денудацияға ұшыраған жер бетін төрттік кезеңнің элювийлі-делювийлі шөгінділері жапқан.
Өсімдігі Тауаралық бозғылт сұр топырағында боз жусан өседі. Етегі мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Іле ауданы таулары Санат:Іле Алатауы