Дәулет – Жайық өзені алабындағы көл.

Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ақшілік қыстауының оңтүстік-батысында 56 км жерде орналасқан көл. Теңіз деңгейінен 49 м биіктікте орналасқан.

Гидрографикасы Аумағы 6,34 км2, ұзындығы 6 км, енді жері 1,5 км, жағалауының ұзындығы 16,8 км. Су жиналатын алабы 120 км2. Негізінен қар суымен толығады. Суы қараша айында қатып, сәуірде ериді. Қуаң жылдары тартылып қалады. Суы тұзды, кермек, сілтілігі төмен. Жақын маңайдағы шаруашылықтар пайдаланады. Жағалауы жайпақ, жусан мен сор өсімдіктері өседі.

Санат:Ақжайық ауданы көлдері Санат:Жайық су алабы өңірі көлдері