Дегерес – Көкшоқы тауының солтүстік-шығысындағы тау.

Географиялық орны Жамбыл облысы Шу ауданы жерінде.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 777 м. Айтау тауының батыс сілемінде. Жанында Тесік, Жылқыбай және т.б. қыстаулар бар. Таудың етегінен Тесік, Жыңғылды өзендері, орталық бөлігінен Бабасай – Ақсүйек автомобиль жолы өтеді.

Өсімдігі Қоңыр және сұр топырағында лессинг жусаны, баялыш, күйреуік, астық тұқымдас шөптесіндер өседі. Дегерестің баурайы мал жайылымына қолайлы.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Шу ауданы таулары