Елікті – Зеренді тауының солтүстігіндегі тау.
Географиялық орны Ақмола облысы Зеренді ауданында. Абсолюттік биіктігі 502 м. Тау солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта созылып жатыр.
Жер бедері Беткейі көлбеу келген. Солтүстік-батысында Жолдыбай, солтүстік-шығысында Қопа, оңтүстігінде Зеренді, оңтүстік-батысында Құмдыкөл, батысында Шалқар көлі орналасқан. Шығысынан Шағалалы өзені ағып өтеді. Солтүстігінен Көкшетау – Айыртау темір жол мен автомобиль жолдары өтеді.
Өсімдігі Қара топырағында боз, селеу, жұлдызшөп, бұта, емендер өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Зеренді ауданы таулары