Көлсай көлдері – Күнгей Алатауының Күрметі және Саты асуларынан бастау алатын кішігірім өзендер суынан пайда болған 3 көл.
Географиялық орны Алматы облысы Кеген ауданы жерінде орналасқан.
Сипаты Жоғарғы Көлсай теңіз деңгейінен 3000 м-ге жуық, Орта Көлсай (Қайыңды) 2600 м және Төменгі Көлсай 2130 м биіктікте орналасқан. Төменгі Көлсайдың су айдыны басқаларына қарағанда үлкен. Көлсай көлдерінің табиғаты әсем тау шатқалымен жалғасады.
Өсімдігі Көлдердің төңірегін шырша, қарағай, қайың, т.б. тау ағаштары мен шалғындары көмкерген. Көлдердің туристік маңызы зор.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том
Тағы қараңыз Көлсай көлдері ұлттық паркі
Дереккөздер
Сілтемелер
Көлсай көлдері
Санат:Кеген ауданы көлдері Санат:Күнгей Алатау