Фурманово — Қостанай облысы Арқалық қалалық әкімдігіне бағынысты ауыл, Фурманов ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Арқалық қаласынан солтүстікке қарай 34 км жерде орналасқан.

Халқы 1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 1515 адам (748 ер адам және 767 әйел адам) болса, 2009 жылы 1530 адамды (742 ер адам және 788 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Тарихы Ауыл 1978-1996 жылдары Торғай өндірістік бірлестігіне қарасты шошқа өсіретін кеңшардың орталығы болған. Оның негізінде Фурмановода өндірістік бірлестік құрылды. Ауыл арқылы Арқалық — Державинск — Есіл автомобиль және Арқалық — Есіл — Құсмұрын — Қостанай т. ж. өтеді.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том.

Дереккөздер

Санат:Арқалық қалалық әкімдігі елді мекендері