Алаверди () ― Арменияның Лори облысының солтүстік-шығысындағы қала, Ереваннан 167 км қашықтықта орналасқан. Алаверди қаласының халқы 2026 жылы 16 600 адамды құрады. Алаверди - Арменияның 59 қаласының бірі және халқының саны бойынша Арменияда 31-ші орында.
Географиялық сипаттамасы Дебед өзені қаланың ортасынан ағып өтіп, оны екі бөлікке бөледі. Алавердидің ескі солтүстік жартысы Дебед каньонында, ал қаланың жаңа оңтүстік бөлігі Санахин үстіртінде орналасқан. Теңіз деңгейінен 750-ден 1400 м-ге дейінгі биіктікте орналасқан. Ванадзор-Тбилиси тас жолы және және Ереван-Тбилиси теміржол желісі қала арқылы тікелей өтеді.
Тарихы Біздің заманымызға дейінгі III—II ғасырлар аралығында қазіргі қаланың орнында Маниц Гом (Манес) деп аталатын бекініс пен қоныс болған. ХІІІ ғасырдандан бастап қала мыс өндіру орыны ретінде белгілі болады. Қазіргі қала өз атауын XVII ғасырда көшпелі тайпаның құрметті ақсақалдарының бірі Борчалудың атынан алған. 1770 жылы, кеншілер Грециядан келіп, мыс балқыту зауытының құрылысын бастады. 1795 жылы Аға Мохаммед-ханмен әскери операциялар кезінде талқандалды. 1801 ж. Алаверди Ресей империясының құрамына кіреді. 1887 жылы кен қазып шығару құқығы француздарға сатылған.
Кеңес билігінің орнауымен қалада жаңа кәсіпорындар салына бастады. 1920-1930 жылдары карбид, суперфосфат және күкірт қышқылын өндіретін жаңа зауыттар салынып, сәтті пайдалануға берілді. 1921 жылы Алавердиде кенес өкіметі орнатылды.
1930 жылға дейін қаланың аты "Аллаверды" деп аталатын. Баскаковтың айтуы бойынша "Алла берді" деген түрік-араб сөздерінен құралған. Алаверди 1938 жылы қала мәртебесін алды.
Халқы Кестеде халық санының өзгеру динамикасы көрсетілген. жыл 1831 1873 1926 1959 1970 1979 2001 2004 2005 2006 2007 2008 халық саны 24 748 4500 16 805 23 311 23 182 14 835 17 000 17 000 16 800 16 700 16 600
Жергілікті халықының көбісі - армяндар.
Экономикасы және инфрақұрылымы 1920-1930 жылдары карбид, суперфосфат және күкірт қышқылын өндіретін жаңа зауыттар салынып, пайдалануға берілді. Кеңес Одағындағы ең ірі мыс-химия зауыттарының бірі 1957 жылы салынды.
Қазіргі қала негізінен көп қабатты ғимараттардан тұрады. Қаланың алғашқы даму жоспары 1920 жылдардың аяғына жатады. Жағалаудың жанында әдемі саябақ, жергілікті тұрғындар мен туристердің сүйікті демалыс орны орналасқан. Қаланың ерекше көрікті жерлерінің қатарына Әулие Григор Нарекаци шіркеуі, XIII ғасырда Дебед өзені арқылы салынған, бүгінгі күнге дейін жақсы сақталған ежелгі көпір және қала ішіндегі ежелгі монастырь — Санаин кіреді.
2009 жылғы жағдай бойынша қалада 10 мемлекеттік мектеп, алты балабақша, колледж қызмет етті.
Алавердида туып-өскен атақты адамдар Александр Ерицян (1842—1902) - әйгілі тарихшы Аршак Газарян - еңбек қайраткері И. Хаджиев - Кенес одағы каһарманы Альберт Аслян - атақты суретші Анастас Иванович Микоян - 30-60 ж. кеңес одағы қайраткері Артём Иванович Микоян - атақты авиаконструктор т.б.
Туыстас қалалар Айос Иоаннис Рентис, Грекия Кобулети, Грузия
Галерея
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер http://www.armeniapedia.org
Санат:Армения қалалары Санат:Лори облысы қалалары