Хакобо Арбенс Гусман (, 14 қыркүйек, 1913 жыл — 27 қаңтар, 1971жыл) — Гватемалының мемлекеттік және саяси қайраткері.

1945-50 жылдары қорғаныс министрі. 1951 жылы президент болып сайланған. Арбенс Гусман үкіметі елдің ұлттық мүддесін қорғау саясатын жүргізді, американ монополияларының, әсіресе, "Юнайтед фрут компанидің" (United Fruit Company) «зорлық-зомбылығына қарсы шықты. Мекемеде жұмыс істеп жүрген жергілікті адамдарға айлығын екі есе көбейткізді.

Бірсыпыра прогрестік шараларды жүзеге асырды: аграрлық реформа туралы заң қабылдаттырды (1951) американ монополиясы жерінің 160 мың гектары мемлекет қарамағына алғыздыЛаврецкий И. Р. «Эрнесто Че Гевара» , помещик шаруашылықтарының 554 мың гектар жері экспроприацияланған және т.б.

АҚШ ұйымдастырылған қарулы интервенция (1954 ж., маусым)Константин Сапожников «Банановый занавес» вокруг Гватемалы приподнимается? салдарынан Арбенс Гусман үкіметі құлатылды.

Биліктен бас тартқаннан кейін Арбенс шетелге кетті. Алғашқы кезде Парижде тұрды, сосын Прагаға көшіп кетті. 1957 жылы Уругвайға барды. 1960 жылдан бастап Фидель Кастроның шақырылуымен Кубада болады. 1965 жылы Арбенстің қызы Арабелла Мексикада өз-өзіне қол салып қайтыс болады. Қызының жерлеуіне келген Арбенс Мехикода қалып кояды. 1971 жылы өз пәтерінде ванна бөлмесінде өлігі табылады. Өлімінің себебі және мән-жайі осы күнге дейін белгісіз.

Дереккөздер

Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том

Санат:Гватемала