Ашока (, б. з. д. 304 жыл, Патна - б. з. д. 232 жыл, сонда) — Маурья әулетінен шыққан ең атақты үнді патшасы.
Будда шежіресі бойынша Ашока өз әкесі Биндусара тұсында Таксила мемлекетін билеген. Әкесінің тағын тартып алған. Чандрагупта мен Биндусара сияқты ол да біріккен үнді мемлекетін құру саясатын жүргізген.
Б. з. д. 260 ж.ш. Калинг мемлекетін жаулап алды. Ашока мемлекеті бүкіл Үндістан жерін түгел дерлік қамтыды (Қиыр оңтүстіктен басқа). Ашока будда дінін қабылдап, оны Үндістанға, басқа да елдерге Бирма, Цейлон, Непал) таратуға көмектескен. Ашока билеген тұста үнді мәдениеті мен сәулет өнері алға басып, едәуір дамыды, жазу-сызу тарадыҚазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том.
Өмірбаяны
Дереккөздер
Санат:Б. з. д. 304 жылы туғандар Санат:Б. з. д. 232 жылы қайтыс болғандар Санат:Үнді монархтары