Маңқы () - тауқұдіреттер тұқымдасына жататын құс.

Сипаты Дене тұрқы 35 см, салмағы 200 г-дай. Қоңыр түсті қауырсынының үстінде қара дақтары бар, бауыры теңбіл түсті. Сұрғылт түсті кеудесінің шұбар дақтары бар. Тұмсығының ұзындығы 57-69 мм. Түнде белсенді тіршілік етеді, қорегін аулауға күн ұясына батар алдында шығады. Ұшқан кезде жерден ауыр көтеріледі, 3-5 м биіктікке көтерліген соң түзу ұшады.

Ұя салуы Маңқы - жыл құсы. Көктемде ұшып келіп, мекиені көзге көп түсе бермейтін сазды төмпешікті жерлерге ұя жасап, оған 4 ірі, сұр түсті теңбіл жұмыртқа салып, 17-18 күн басады.Балапандары тез өседі, дене тұрқы 4-5 аптадан кейін үлкен маңқы құстармен бірдей болады.

Мекендеуі Еуразияда (Скандинавиядан Енисейге дейін) және Қазақстанның батысынан шығысына дейінгі аймақтардағы жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты ормандардың ашық және шалшықты-батпақты жерлерін мекендейді. Қыстау үшін Африкаға ұшып кетеді. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Татреңтәрізділер Санат:Қазақстан құстары